RU
Толық нұсқаға өту

Конституциялық сот құрылғалы бері азаматтардан 14 мыңнан астам өтініш түскен

15.12.2025, 13:21 272

Конституциялық сот құрылғалы бері азаматтардан 14 мыңнан астам өтініш түсті.

Нәтижесінде 480-нен аса қаулы қабылданды. Оның 76-сы заңдар мен өзге де нормативтік актілердің Ата заңға сәйкестігін тексеру бойынша қаралған. Бұл органның жұмысы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған құқықтық реформалардың айқын нәтижесі болып отыр. Алайда бүгінгі жетістіктердің астарында Тәуелсіздік алған жылдары қабылданған маңызды шешімдер жатыр. Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына да биыл 34 жыл толды. 

Осыдан 2 жыл бұрын Конституциялық сот құрылды. Содан бері «менің құқығым шектелді» немесе «бостандығым бәзбіреудің қолында тұр» дегеннің бәрі осы органға жүгініп келеді. Бүгінде ол ел тұрғындарының құқығын қорғайтын маңызды институттардың біріне айналды. Алайда оның құзыретін халықтың басым бөлігі әлі де түсіне бермейді.

Әлия Бердібаева, ҚР Конституциялық сотының талдаушысы:

- Басты ерекшелігі сол, Конституциялық сот даулы мәселелерді емес,  заң немесе өзге де нормативтік құқықтық актілердің конституцияға сәйкестігін қарайды. Яғни құқықтық нормалардың Конституцияға қаншалықты сәкес келетінін қарайды. Ол даулы мәселелерді мүлде қарамайды. Осынысымен өзге соттардан ерекшеленеді. Қазіргі таңда  онлайн дейміз, қашықтан сот ісін жүргізу тәжірибесі қолданылып отыр. Бұл, әрине, ыңғайлы, бір жерден ешкінші жерге бару қажет емес. Ол уақыттың үнемділігі.

Бұл заманға сәйкес жүргізілген реформа. Бірақ елдің республика болып қалыптасуында бұған дейінгі іске асқан маңызды шешімдер жатыр. Биыл еліміздің Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының қабылданғанына 34 жыл толды. Осы уақыт бедерінде саяси-құқықтық құжаттар қабылданды. 1998 жылы билік тармақтары арасындағы өзара іс-қимыл жүйесі нығайды. 2007-де сайлаудың пропорционалды әрі партиялық жүйесі енгізілді. 2011-2017 жылдары тепе-теңдік бағыты жетілдірілді. Ал 2019-2022 әділ қоғам құру жолында «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы бекіді. 

1998 жылы – билік тармақтары арасындағы өзара іс-қимыл жүйесі нығайды

2007 жылы – сайлаудың пропорционалды әрі партиялық жүйесі енгізілді

2011-2017 жылдары – тепе-теңдік бағыты жетілдірілді

2019-2022 жылдары – әділ қоғам құру жолындағы “Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет” тұжырымдамасы бекіді

Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- 2022 жылдан бастаған Президенттің реформаларында қазіргі нәтижеге жетіп отырмыз. Демократизация процесі, адам құқықтары, құрылған Конституциялық институттар, Конституциялық сот, адам құқығы жөнінде уәкіл болсын, Кассациялық сот болсын – біз бәрінде логикамен келе жатырмыз. Президенттің жолы «Заң мен тәртіп» принципі ол да конституциялық принцип, ол да адалдық азамат, ол да қоғамға керек нәрселер. Оның бәрі іске асырылып жатыр. Маңыздылығы – құқықтық сана сезіміміз де көтеріліп жатыр.

34 жылда әлем елдерімен тереземіз теңесті. Республикамыз тамырын тереңге жайып, кемелдене түсті. Мәртебесі биіктеп, тұғыры берік мемлекетке айналды. Ал қазір экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму жолында алыс асуларды бағындырдық деп нық айтуға болады.

Альмира Оразбай

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz