Ақтөбеде ауа райының күрт нашарлауына байланысты 1,5 мыңнан аса көлік жолда тұрып қалды.
Кеше өңірде көлік қозғалысы шектеліп, барлық автомобиль жолдары уақытша жабылды. Қазір аймақта боран басылып, күн райы тұрақталды. Полиция жол жамылғысының жай-күйін тексеріп, қозғалысты жандандыру туралы шешім қабылданды. Қозғалыс патрульдік экипаждардың бақылауымен, белгіленген жылдамдықты сақтай отырып жүзеге асырылуда.
Тегтер #Ақтөбе облысы #жолдар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz