RU
Толық нұсқаға өту

Зейнетақы қаржысы пластикалық ота жасауға берілмейді

15.12.2025, 15:43 308

Елімізде енді зейнетақы қаржысы пластикалық ота жасауға берілмейді. Бұл туралы «Отбасы банкінің» баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпарларынша, қазіргі таңда қаражатты пластикалық операцияға пайдаланатындар қатары көбейген. Мәселен, қыркүйекте 126 өтініш түссе, қазанда ол 1800-ден асқан. Ал қарашада тіпті 4 мыңға жуықтаған. Қазір аталмыш ота түрін желеу етіп, зейнетақы қорынан заңсыз ақша шешу жағдайлары жиілеген. «Ал шын мәнінде бұл  делдалдардың кезекті айла-шарғысы болуы мүмкін», - дейді банк өкілдері. Дегенмен де қымбат операциялар мен ем-дом ақысын төлеу үшін бұрыңғы мүмкіндік сақталады. Сирек кездесетін ауруларды емдеуге, радиохирургиялық процедураларға және протондық терапияға мұқтаж науқастар қордағы жинақты жұмсай алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz