Шемонаиха ауданында жылу сорғы станциясының құрылысы қайта жанданды. Бұл маңызды жоба тура бір жыл бұрын қолға алынған.
Бірақ республикадан бөлінетін қаражаттың кешігуінен жұмыс тоқтап қалды. Қазір қажетті қаржы құйылды. Шемонаихада 18 мыңнан аса адам тұрады. Шағын шаһар жыл санап ұлғайып келеді. Демек уақыт өте келе жергілікті жылу орталығының қуаты жетпей қалу қаупі бар. Ал жылу қысымын көтеретін сорғы станциясы салынса, сол келеңсіздіктің алдын-алуға болады, - дейді мамандар.
Елдар Темірбеков, Шемонаиха ауданы құрылыс бөлімінің басшысы:
- Қазіргі жылу орталығының қуаты бұрынғы есеп-қисап бойынша шақталған. Ал қаланың аумағы жыл сайын ұлғайып келеді. Жаңадан ғимараттар, үйлер салынып жатыр. Сондықтан жылу қысымын күшейтетін станциянның маңызы жоғары. Ол жылу маусымын кедергісіз өткізуге мүмкіндік береді.
Тегтер #жаңалықтар #хабар24Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz