RU
Толық нұсқаға өту

«Мамлютка-Қостанай» тасжолы жөнделді

15.12.2025, 20:50 363

Солтүстік Қазақстан облысында Ресей Федерациясына шығатын транзиттік дәліз пайдалануға берілді.

Республикалық маңызға ие «Мамлютка - Қостанай» тасжолы орташа жөндеуден өтті. Еліміздің 3 бірдей облысын байланыстыратын бағыттың жалпы ұзындығы 64 шақырым. Жолды жөндеуге 7,5 млрд теңге жұмсалды. Бұл көліктік инфроқұрылымды дамытып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар транзиттік дәліз бойында жарықшамдар орнатылып, жолаушылар тоқтап тынығатын орын мен заманауи санитарлық-гигиеналық торап салынды.

Қанат Өсербаев, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ СҚОФ директорының орынбасары:

- Мұнда енді суық ресайклермен жұмыс істелді. Екі қабатты асфальтобетон төселді. Үш аялдама салынған болатын. 13 құбыр салынған. Оның 6-на жөндеу жүргізілді. 7-і жаңадан салынған болатын. Қазіргі уақытта енді пайдалануға беріліп жатыр.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz