Қазақстандықтардың 71 пайызы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп санайды. Ал халықтың 77 пайызы қазақ басшының қызметін бас бармақпен бағалаған.
Жыл қорытындысы үшін жасалған жалпыұлттық әлеуметтік сауалнама қорытындысы осындай. 1000 респондент қатысқан науқанда бұқараның басым көпшілігі осы жылға оң баға бергенін байқауға болады. «2025 жыл сіз үшін қалай өтті?» деген сауалға қатысушылардың 37 пайызы табысты жыл деп жауап берген. Қалған 52 пайызы қалыпты өткенін айтты. Жаңа мектептер мен ауруханалардың ашылуы, инфрақұрылымның жаңаруы және жасанды интеллект саласындағы жобалар да жұртшылық назарын аударған. Биылғы айтулы оқиғалар қатарында Абайдың 180 жылдығы, Жеңістің 80 жылдығы, Конституцияның 30 жылдығына арналған іс-шаралар бар. Халықаралық деңгейде Президенттің АҚШ және Қытай басшылығымен өткізген кездесулері маңызды оқиғалар ретінде көрсетілген. Ал жыл жаңалығы ретінде қазақстандық «Қайрат» пен испандық «Реал Мадрид» футбол клубтарының арасында өткен ойынды атаған.
Сауалнама нәтижесі: 2025 жыл
Қалыпты өтті - 52%
Табысты өтті - 37%
Ел дұрыс бағытта дамып келеді - 71%
Президенттің қызметін қолдайды - 77%
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #2025 #Қазақстан #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz