RU
Толық нұсқаға өту

Бибігүл Төлегенова Тәуелсіздік күнімен құттықтады  

16.12.2025, 08:54 366

Аты аңызға айналған әнші Бибігүл Төлегенова қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұлбұл әнші: «Отансүйгіш ұрпағы бар ел бақытты. Сондықтан үнемі жастардың амандығын, туған жердің тыныштығын тілеп отырамын. Мемлекетіміз осы бағытынан айнымай дамыған алпауыт елге айналсын деген бір ғана тілегім бар. Аспанымыз ашық, тыныштық заман болсын!», - деді. 

Бибігүл Төлегенова, ҚР Халық әртісі:

- Еліміз аман болсын! Тыныштық болып, аспанымыз ашық болып, іштегі даудан сырттағы жаудан сақтасын. Қашан да алдымызға қойған мақсаттардың бәрі табысты, абыройлы болып, орындалып, жолымызға гүл бітсін, нұр бітсін. Мерекеміз құтты болсын!

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz