Ұлы еліміздің ұлы тағдырын айқындаған Ұлы мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Биыл егеменді ел болғанымызға 34 жыл толды. Дәл 34 жыл бұрын ел болып, тереземіз басқа жұртпен тең болып, халықаралық деңгейде толыққанды мойындалған мемлекет ретінде өмір сүріп жатқанымыз. Тәуелсіздік жылдарында елеулі жетістіктерге қол жеткіздік, бірақ күрделі сын-қатерлер де аз болмады.
Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілігін ашты. 1993 жылы еліміз төл валютасын қолданысқа енгізді. 1990 жылы қазақ тарихында тұңғыш рет президенттік институт құрылды. Заң қабылданды. Саяси тұрғыда тәуелсіздікке жетудің алғышарты қаланып, мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі енгізілді.
Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!
Тегтер #Тәуелсіздік күні #егемендік #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz