RU
Толық нұсқаға өту

Лондондағы қазақ диаспорасы Тәуелсіздік күнін атап өтті

16.12.2025, 09:39 377

Мерекелік жиынға қатысушылар мемлекетіміздің әнұранын орындап, тәуелсіздікке бастау болған маңызды тарихи кезеңдерге тоқталып, ата-бабалар рухына құран бағыштады. 

Қауымдастықтың құрылу тарихы қасіретті кезеңдермен байланысты. Ұжымдастыру мен кәмпеске жылдарында көптеген қазақ отбасы қуғын-сүргін мен аштықтан қашып, туған жерін тастауға мәжбүр болған еді. Алтай өңірінен Түркияға көшіп, кейін экономикалық дағдарыс кезінде Лондонға жұмыс іздеп, қоныс аударған қазақтар. Бүгінде немере-шөберелі болып, Ұлыбританияда өмір сүріп жатыр.  

Әбдісәлім Саваш, Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасының төрағасы:

- Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін басымызды көтеріп жүрміз. Қазақтың туын көрсек, қазақтың сөзін естісек, рухымыз көтеріледі. Өзіміз де қазақтың тарихын үйреніп жүрміз қазір. Енді балаларға үйретіп жүрміз. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz