Қысқы демалыс үшін Қазақстанда танымал туристік бағыттар жетерлік. Елдің әр өңірінде орналасқан тау-шаңғы курорттары мен демалыс аймақтары қысқы демалысқа қолайлы жағдай ұсынады.
Танымал бағыттардың қатарында Алматы облысындағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты, «Ой-Қарағай» тау курорты, «Ақ Бұлақ», «Табаған» және «Медеу» тау кешені бар. Ақмола облысында Бурабай курорттық аймағы, «Тау самалы» тау-шаңғы курорты және «Нұртау» демалыс базасы туристер арасында сұранысқа ие. Шығыс Қазақстан облысында «Алтай Альпісі» тау-шаңғы курорты қысқы туризмді дамытуға үлес қосып отыр. Әр аймақтың табиғаты мен демалыс мүмкіндіктері әртүрлі. Бұл бағыттар қыста отбасымен саяхаттауды жоспарлаған жандар үшін ең қолайлы орындар.
Тегтер #қысқы демалыс #демалыс орны #туристік бағыттарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz