RU
Толық нұсқаға өту

Медицина саласының үздіктері жастармен жүздесті

18.12.2025, 21:18 257

Болашақ дәрігерлер отандық медицина саласының үздік мамандарымен жүздесті.

Ақтөбеде «Жастар және жалпыұлттық құндылықтар» тақырыбында ашық кездесу өтті. Шараға коронавирусқа  қарсы отандық вакцина ойлап тапқан ғалымдардың бірі Күнсұлу Закарья мен белгілі нейрохирург, «Алтын скальпель» иегері Мыңжылқы Бердіқожаев сынды танымал тұлғалар қатысты. Басқосудың мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырып, «Әділетті Қазақстан» идеясын, «Еңбек адамы» және «Таза Қазақстан» жобаларын дәріптеу және болашақ медицина мамандарының азаматтық жауапкершілігін арттыру.

Отандық ғалымдар короновирусты тоқтату үшін аянып қалмай, қажырлы еңбек етті. QazVac вакцинасының авторы Күнсұлу Закарья бұл табандылық және ғылым мен қоғамға адал қызмет етудің нәтижесі дейді. 7500-ден астам күрделі операция жасаған жоғары санатты нейрохирург Мынжылқы Бердіқожаев «Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік» құндылығы жөнінде баяндама жасады.

Мыңжылқы Бердіқожаев, ҚР Президент іс басқармасы Медицина орталығы ұлттық госпиталінің нейрохирургі:

- Мемлекет тарапынан жастарды қолдап, оларды еңбекке баулып, шыншылдық, шынайылық, жалпы азаматтық позициясын жастардың күшейтуде осындай шараның қосатын үлесі бар деп ойлаймын. Біздің жастар «Ертең кім боламын?», «Жанұям қалай болады?» деген сұрақтарға жауап таба алатын болса, дұрыс саясат қалыптасады деген ой бар.

Алқалы жиынның басты мақсаты – ел Президенті бекіткен жалпыұлттық құндылықтарды жастарға кеңінен түсіндіру. «Әділетті Қазақстан» идеясын дәріптеу және болашақ медицина мамандарының азаматтық жауапкершілігін арттыру.

Жолдас Батырхан, облыс әкімінің орынбасары:

- Мемлекет басшысы жалпыұлттық құндылықтар мен ішкі саясаттың негізгі қағидаттарын бекітті. Ол отанға деген құрметті білдіретін тәуелсіздік пен отаншылдық, еңбенкқорлық, жаңалыққа құмартпаз болу, жаңашылдыққа ұмтылу, жасампаздық тұрғысынан. заң мен тәртіпке бойұсыну сияқты ұлттық құндылықтар. Осы мақсатта Ақтөбе облысының әкімдігі өңіріміздегі барлық білім беру ұйымдарында жалпыұлттық құндылықтарды жастардың бойына сіңіру үшін терең түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Облыста жастарды қолдауға бағытталған бірнеше мемлекеттік бағдарлама бар. Мәселен, «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы кәсіп ашуға қайтарымсыз грант береді. Ал «Ақтөбе жастары» бағдарламасы аясында биыл 62 жас отбасы баспаналы болды.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Болатбек Молдағалиев, Айбек Даутов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz