RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысында 8 ауылға ауызсу берілді

20.12.2025, 13:33 315

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен шалғайда орналасқан ауылдарға ауызсу берілді.

Жібек жолы, Әлімтау, Жылға және Дарбаза ауылдық округтеріне қарасты сегіз елдімекеннің тұрғындары орталықтандырылған сапалы ауыз су жүйесімен қамтылды.

Бұған дейін тіршілік нәрін тасып ішкен Шеңгелді елдімекенінің тұрғындары орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтылды. Жоба қайтарылған активтер есебінен жүзеге асты.

Арман Абдуллаев, Сарыағаш ауданының әкімі:

- Президентіміздің тапсырмасымен Бас прокуратураның мемлекетке қайтарған қаржысының есебінен жүзеге асқан нысанды пайдалануға берейін деп отырмыз. Бұл нысан осы елдің игілігіне қызмет ете берсін. Жалпы Шеңгелдіде мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз жұмыстар жасалып жатыр. Электр жарықтарын жаңартып жатырмыз, газ кіргізіп жатырмыз. Бүгін суды беріп жатырмыз. Келесі жылы Мәдениет үйін тапсырамыз.

Жылдар бойы тіршілік нәрінен тарыққан 8 ауылдағы 20 мыңға жуық түтін сапалы ауызсуға қол жеткізді. Ауыл ақсақалдары жаңа ауызсу жүйесі мыңдаған тұрғынның тұрмыс сапасын жақсартуға сеп болатынын айтады. Жоба құны - 6,5 млрд теңге.

Кемелхан Кенжехан, Шеңгелді ауылының тұрғыны:

- Ауылымызға су келіп жатыр. Судың қоймасы бітті. Соған қуанып келіп тұрмыз. Президентімізге рахмет. Аудан, ауыл әкімдеріне рахмет.

Ғабит Бижанов, Жылға ауылдық округінің әкімі:

- Судың сапасы таза, жақсы. Жерасты суын пайдаланып отырмыз. Бұл сулар сүзгіден өтіп, халыққа таза ауызсу беріліп отыр.

Биыл Түркістан облысының тұрғындарын таза аусызсумен қамтуға 19 млрд теңге бөлінді. Оның 13,1 млрд теңгесі қайтарылған активтер есебінен берілді. Осылайша, 30 елдімекендегі 31 мыңға жуық тұрғын сапалы ауызсумен қамтылды.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz