RU
Толық нұсқаға өту

Жазушылар одағы жылды қорытындылады

21.12.2025, 19:22 384

Қазақстан Жазушылар одағы жыл бойы атқарылған жұмыс нәтижелерін қорытындылады.

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада ұйымдастырылған іс-шарада жаңа кітаптардың тұсауы кесілді. Атап айтқанда, «Рухани мұра» сериясы аясында жарық көрген 2 кітап, «Түркі әлемінің әдебиеті» жобасы аясында 4 жаңа кітап, сондай-ақ «Қазақстанның жаңа әдеби-танымдық панорамасы» жобасы аясында жас қаламгерлердің 20 еңбегі оқырманға жол тартты. Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов ұлттық руханиятты дамыту, жас әдебиетшілерді қолдау бастамаларына тоқталды. Классик жазушы Төлен Әбдік пен қаламгер Қанат Әбілқайырдың романдарын халықаралық Букер сыйлығына ұсыну - қазақ прозасының әлемдік деңгейге бет бұруындағы маңызды оқиға болары айтылды.

Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:

- Бұл соңғы кезде Астанада жасап жатқан Жазушылар одағының үлкен шарасы деп есептейміз. Жағымды жаңалықтар көп. Бірнеше әдеби бәйге ұйымдастырдық. Қазақстан бойынша Зейнолла Сәндік атындағы экспедиция ұйымдастырдық. Жұмысшы мамандықтар жылына арнап Атырауда пленум өткіздік. Оған қоса Павлодарда үлкен жиын өткізіп 15 кітаптың тұсауын кестік.

Еділбек Дүйсен, жас ақын:

- «Алматы аспаны» деген кітапты жазып шықтым. Мұнда өлеңдер және поэмалар, балаларға арналған жаңылтпаштар мен жұмбақтар енгізілген. Өлеңдер мен поэмалардың жөні әлбетте бөлек. Дегенмен мен бұл жерде үлкен акцентті екпінді жұмбақтарға қойдым. Мәселен, балаларға Алматыны таныстыру бағытында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz