RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда азаматтардың құқығы қорғалды

22.12.2025, 21:38 220

Маңғыстау облысының прокуратурасы 100 мыңға тарта адамның тұрғын үй жәрдемақысын алу құқын қалпына келтірді.

Арнайы көмек берілетіндер тізімі былтыр қайта бекітілген еді. Жәрдемақы бұрын тек екі санат бойынша берілсе, енді бұл тізімге тағы 12 санат қосылды. Оған  әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандар кіргізілген. Құқықтық-нормативтік актілерді зерделелу барысында прокурорлар облыстық мәслихат қажетті шешім шығармағанын анықтады. Салдарынан  мыңдаған азамат әлеуметтік көмектен қағылған. Айта кетейік, мемлекет мұндай жәрдемақыны тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде бастапқы жарна немесе түрғын үй құнын ішінара төлеу үшін береді.

Айбек Асылбеков, облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы:

- Мәслихаттардың шешімін тиеісті түрде өзгерістер енгізілмеуінің себебінен әлеуметтік осал топтар бұл мүмкіндікті яғни мемлекеттік қолдауды пайдалануға мүмкіндігі шектелген болатын. Осыған байланысты прокуратура орындарының наразылығымен бұл мәслихаттың шешімдері сәйкестендіріріп, мемлекеттік қолдауды қажет ететін азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz