Алдағы екі жылда Шығыс Қазақстан облысының орман алқаптарында 76 млн жапырақты және қылқан жапырақты ағаш түрлері егіледі.
Жерігілікті әкімдіктің бұл бастамасына өңірдің экология белсенділері қолдау көрсетуге дайын. Қазір орман шаруашылықтары жас өскіндер дайындауға кірісіп кеткен. Шығыс Қазақстан обылысында ну жынысты қара орман 3 млн гектардан астам аумақты алып жатыр.
Осы иен байлықты сақтап, ұрпаққа аманат етіп қалдыруды сала мамандары мен табиғат жанашырлары борышымыз деп біледі. Соңғы төрт жылда өңірде 42 млн көшет егілген. Олар мұнымен шектеліп қалмақ емес. 2027 жылға дейін тағы 76 млн ағаш егуді жоспарлап қойған. Бұл ретте әсіресе жергілікті еріктілердің белсенділігі жоғары.
Диас Талғатұлы, ерікті:
- Биыл Марқакөл ауылында жасыл желек аумағы 20 мың көшетке көбейді. Сондай-ақ Быстурха ауылында табиғат жанашырларымен бірлесіп, 30 мыңға жуық ағаш ектік. Бұл бірінші кезекте елдің, қоршаған ортаның көркеюі деген сөз.
Өңірде экологиялық мәдениетті жастар санасына бала кезден сіңіруге мән беріледі. Сондықтан болар табиғатты қорғауға бағытталған іс-шаралардан қалыс қалатындар сирек. Кәсіпкер Александр Чиликин Алтай тауларының биік шоқыларын көк шыршамен көмкерген. Олар жылда осы ағаш түрін егуді дәстүрге айналдырған.
Александр Чиликин, кәсіпкер:
- Біз жыл сайын ағаш егеміз. Сібір қарағайларын осында жерсіндіргенімізге 20 жыл болды. Қазір көк шырша үлкен аумақты алып жатыр.
Мұнда орман алқабын кеңейту жұмыстары ғылыми негізде жүргізіледі. Кей аумақта топырақты эрозиядан қорғауға септігі мол, өсімдік түрлеріне басымдық беріледі.
Мерхат Әміров, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:
- Біздің Күшім және Марқакөл аудандарында сексеуіл егілген. Бұл олардың тарихи мекені болып есептеледі. Бұл басты мақсаты топырақтың құнарлығыны арттыру болып есептеледі.
Биыл Шығыс Қазақстан облысының орманшылары шетелдік сарапшылармен бірлесіп, жасыл желек алқабын тексеріп шықты. Нәтижесінде картада көрсетілмеген 17 мың гектар орман алқабын анықтады.
Авторлары: Мағауия Қалиев, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ШҚО #Таза Қазақстан #көшетPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz