Жаңа жыл қарсаңында прокуратура мен күштік құрылымның бір топ қызметкері баспаналы болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура мен Мемлекеттік күзет қызметі және Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстады.
Мемлекет басшысы Ақордада өткен салтанатты рәсімде ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті сақтау стратегиялық маңызы бар міндет екенін атап өтті.
«Сіздер ел тыныштығын қырағы қорғап, тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып жүрсіздер. Қоғамда «Заң мен тәртіп» және әділдік қағидатын орнықтыру үшін табанды еңбек етіп келесіздер. Мемлекет өз ісіне адал азаматтарды әрдайым қолдайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тегтер #Мемлекет басшысы #Бас прокурор #Мемлекеттік күзет қызметі #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz