RU
Толық нұсқаға өту

Биыл судан 133 адамның сүйегі табылды

24.12.2025, 08:15 263

Мал тұрмақ, адам жоғалып жатыр.

Әсіресе қазіргідей қарлы, боранда түзге шығу қауіп. Төтенше жағдайлар қызметі биылдыққа жоғалған адамдарды іздеу-құтқару бойынша 656 іс-шара атқарған. Оның ішінде көбісі суға кеткендерді құтқару - 226 жағдай. Сондай-ақ далалық аумақта 192, тауда 119 рет жоқ іздеуге шыққан. Судан 133 адамның сүйегі табылды. Ал таудағы іздеу-құтқару жұмыстары негізінен Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында жүргізілді. Өкінішке орай, биыл аймақтағы іздеу-құтқару шаралары былтырғы көрсеткіштен 22,7 пайызға көбейген. 

ІЗДЕУ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Барлығы – 656

Суда – 226

Далалық жерде – 192

Тауда – 119

Басқа жерлерде – 119

133 адамның сүйегі табылды

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz