Республикалық маңызы бар жолдардың 460 шақырымында күрделі жөндеу жүргізілді.
Орташа жөндеу жұмыстарымен республикалық маңызы бар автожолдардың 6100 шақырымы қамтылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған ірі жобалар толық аяқталды. Атап айтқанда, Қалбатау-Майқапшағай, Қызылорда-Жезқазған, Подстепное-Федоровка, Күрті-Қонаев және Ұзынағаш-Отар жолдары қолданысқа берілді. Жыл басынан бері 10,4 миллион текше метр фракциялық қиыршық тас әзірленіп, жол жабындысының қабаттарына 17,3 миллион тонна асфальтбетон қоспасы төселді.
Сәкен Ділдахмет, “Қазавтожол” ұлттық компаниясының ресми өкілі:
- Қазіргі таңда жол құрылыс жұмыстары басталған кезде жолдың құрылыс санатына байланысты күрделі, орташа жөндеу болсын олардың циклдарын зерттеп отыратын Q-RAM, KazRoadLab жүйелері бар. Басқа да технологияларды жол саласында қолданып жатырмыз. Әрине бұл да жол сапасын арттыруға материалдарды басқаруға өте үлкен көмек көрсетеді. Келер жылы жалпы ұзындығы 3200 шақырым болатын құрылыс жобалары қолға алынады.
Бүгінде Жезқазған-Қарағанды, Астана-Ырғыз, Ақтөбе-Ұлғайсын сынды он бағыт бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін халықаралық қаржы институттарының несие қаражаттары тартылды. Қазақстанның Даму банкі тартқан несие қаражаттары есебінен келесі жылы 4 мың шақырымды құрайтын 134 жоба іске асырылып, 126 автоматтандырылған салмақты өлшеу станциясы орнатылады. Бұдан бөлек биыл 1700 шақырым болатын 9 жаңа учаске ақылы жолдарға қосылды. Ақылы учаскелердің жалпы саны 26-ға жетіп, ұзындығы 4900 шақырым болды. 11 айда ақылы жолдардан қазынаға 79 млрд теңге түскен.
Тегтер #автожол #ҚазАвтоЖол #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz