Маңғыстау облысында ауызсу мәселесі толық шешілді. Биыл өңірде 6 ауылға кешенді блок-модульдер қойылып, елді мекендер тұрақты сумен қамтылған.
Мамандардың айтуынша, өңірде өндіріліп отырған су көлемі 200 мың текше метр қажеттілікті толық жауып отыр.Өңірде негізгі су жеткізушілердің бірі – Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты. Қазір мекеме тәулігіне 58 мың текше метр су беріп отыр. Сонымен қатар «Каспий» су тұщыту зауытында өндіріс көлемі 20 мыңнан 40 мың текше метрге дейін ұлғайды. Кендірлі және Форт-Шевченко қалаларында, сондай-ақ Құрық ауылында теңіз суын тұщытатын жаңа нысандар іске қосылған.
Нұрдәулет Қилыбай, Маңғыстау облысының әкімі:
- Жаңаөзен қаласы мен ауылдар, аудандар Астрахань-Маңғышлақ су құбырынан суды алып отыратын. Яғни Жаңаөзенге келіп тұрған 26 мың куб су келесі жылдан бастап Бейнеу, Жетібай, Батыр, Қызылтау, Маңғыстау аудандарына жіберілетін болады.
Туризмнің дамуы мен халық санының артуына байланысты жыл сайын суға деген сұраныс өсіп келеді. Қазіргі есеп бойынша, әсіресе қала аумағында жыл сайын қосымша 10 мың текше метр су қажет. Осы ретте 2028 жылға дейін жалпы құны 114 млрд теңге болатын үш ірі жоба жүзеге асырылады.
Серікқали Қанапин, Су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы:
- Каспий су тұщыту зауытын ағымдағы жылы 40 мың текше метрге ұлғайттық. Енді қосымша 100 мың текше метрге дейін ұлғайту үшін жобалық-сметалдық құжаттары басталып жатыр осы жобаның. Одан бөлек МАЭК аумағында 12 мыңдық су тұщыту қондырғысы, сонымен қатар 24 мың текше метр су тұщыту қондырғысын іске қосу бойынша жобалық жұмыстар басталды.
Осы жобалар қолданысқа берілген жағдайда өңірге алдағы 2-3 жыл ішінде қосымша 96 мың текше метр су беріледі, - дейді мамандар.
Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ренат Дусалиев
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Маңғыстау #су мәселесі #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz