RU
Толық нұсқаға өту

Президент New Generation School Astana ғимаратына барды

24.12.2025, 19:34 255

Президент New Generation School Astana ғимаратына барды.

Елорда нысандарын аралау барысында Мемлекет басшысы Нұра ауданында орналасқан NGS Astana жеке меншік білім беру мекемесінің жұмысымен танысты. 

✔️1320 оқушыға есептелген мектеп жаратылыстану-математика және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттарында білім береді. Әсіресе, математика мен ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.

✔️Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қажетті барлық жағдай жасалған. Оқушылар үш мезгіл тамақтандырылады. Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға қолайлы орта қарастырылған.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаевқа мектеп құрылысының бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары аясында бой көтергені жөнінде баяндалды. Қаржының 40 пайызын «Даму» қоры кредит ретінде бөлген.

✔️Президент оқу кабинеттерін, кітапхананы, спорт залын аралап көрді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz