RU
Толық нұсқаға өту

Президент мектеп құрылысына бизнесті тартуды тапсырды

24.12.2025, 21:08 288

Президент жиында жеке мектептердің жайына да айрықша назар аударды. Сондай-ақ салаға мемлекеттік жеке меншік әріптестікті тартуды жүктеді.

Кейбір әкімдіктер жоспарлау кезінде үлкен қателіктер жіберген. Қасым-Жомарт Тоқаев демографиялық өсім мен аумақтық даму мәселелерін ескермей, жеке мектептерді ашуға беталды рұқсат берілгенін айтты. Соның салдарынан бір жерде мемлекеттік және жеке мектеп қатар салынған. Ал шын мұқтаж аудандарда білім беру инфрақұрылымы ақсап тұр. Бұл ведомствоаралық байланыстың әлсіздігі мен жұмысқа жүрдім-бардым қараудың дәлелі деген Мемлекет басшысы жағдайды  реттеуді тапсырды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz