Елімізде «E-museum – Қазақстан» музейлерінің бірыңғай цифрлық кеңістігі іске қосылды. Бүгін Ұлттық музейде порталдың тұсауы кесіліп, жұртшылыққа таныстырылды.
Айтулы шараға қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева музей саласы елдің мәдени-рухани дамуы мен тарихи мұрасын сақтау үшін ерекше маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде жаһандану мен цифрландыру үдерісі мәдениет саласына да жаңа талаптар жүктеп отыр. Мемлекет басшысы мәдени мұраны цифрландыруға ерекше көңіл бөлетіні де тілге тиек етілді. Бүгінде Қазақстанда 280-нен астам республикалық, өңірлік музей және музей-қорықтар жұмыс істеп тұр. Музей қорларында 4,5 миллионнан астам жәдігер сақталған. Ал E-museum порталы барлығын бірыңғай цифрлық платформаға біріктіреді. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, нақты нәтиже көрсетті. 2023 жылы жүйеге 33 музей қосылса, биыл жүйеге 20 өңірдегі мемлекеттік музейлері толық енгізілді.
Дәурен Қабдоллаев, жоба авторы:
- Қыркүйек айынан бастап біз ЖИ элементтерін қостық. Катологтың ішінде музей заттарынан 66 мың дана енгізілген. Солардың бәрін жүйелеу Big Data болып саналады. Бәрін музей қызметкерлерінен сұрыптап өту өте қиындау. Сондықтан ЖИ элементін қосып, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне оңай ауыстыруға мүмкіндіук туды. Сапасы нашар экспонтаттардың суреттерін талдап, адамның көзі анықтамайтын элементтерді анықтап, соны сипаттап беретін мүмкіндік қосылды. Бұл Қазақстанда тіпті, әлемде алғашқы рет қосылған портал деп ойлаймын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #мұражай #портал
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz