Қасым-Жомарт Тоқаев елордада жол-көлік оқиғаларының көбейгеніне алаңдаушылық білдірді.
Оның айтуынша, қалада құрылыс өте көп. Көлік саны да аз емес. Бұл жағдай бір жағынан тұрғындардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп жатыр. Сондай-ақ Мемлекет басшысы биылғы 11 айдың өзінде жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шегіп, 5 бүлдіршін қаза болғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар ол ауланы жарықтандыру шамдары, жаяу жүргіншілер жолағы, жылдамдықты шектеу белгілерінің жоқтығы және көлік тұрақтарының жетіспеушілігі сынды мәселелерді көтерді. Әсіресе тұрғын-үй және білім беру мекемелерінің маңындағы жүк көліктерінің қозғалысын реттеу қажет, – деді ол.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #жол апаты #қауіпсіздікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz