Алдағы үш жылда мектептегі орын тапшылығы 400 мыңға дейін жетуі мүмкін.
Соның ішінде елордада 28 мың оқушыға орын жетіспейді деген болжам бар. Алматы, Шымкент қалалары және Түркістан, Маңғыстау облыстарында осындай жағдай. Мемлекет басшысы жиында ерекше назар аударған саланың бірі - білім беру. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытта біраз шаруа тындырылғанын айтты. Соңғы 5 жылда 1 млн-нан астам оқушыға арналған мыңға жуық мектеп пайдалануға берілген. Астанада 75 мектеп салынды. Қазір қалада үш ауысыммен оқытатын мектеп жоқ. Осылай деген Президент бұл ретте «Келешек мектептерінің» рөлі ерекше екенін жеткізді. Сондықтан қауіпсіз, сапалы құрылыс жұмыстарын қолға алу маңызды. Дегенмен оның бағасы халыққа қолжетімді болуы тиіс, - деді Мемлекет басшысы.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #үш ауысымды мектептер #Келешек мектептеріPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz