2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 850 мың теңгеден жоғары жалақы алатын азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасының көлемі артады.
Енді табысы мол азаматтар төлемді көбірек жасайды. Сондай-ақ МӘМС жарналарын үздіксіз бес жыл төлеген азаматтар жұмыссыз қалса да, алты айға дейін дәрігерге кедергісіз қаралуға мүмкіндігі бар. Әлеуметтік осал топтағыларға да медициналық көмек толық қолжетімді болмақ. Бүгінде қазақстандықтардың 82 пайызынан астамы МӘМС жүйесінде сақтандырылған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #МӘМС #медицинаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz