RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында жедел жәрдем қызметіне жаңа 20 автокөлік табысталды

25.12.2025, 21:37 282

Алматы облысында жедел медициналық жәрдем қызметі 20 жаңа санитарлық автокөлікпен толықты.

Жаңа техника қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайтып, шұғыл шақыртуларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Автокөліктер заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Өңір басшылығы жедел жәрдем автопаркін жаңарту жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр. 2026 жылдың басында жедел жәрдем қызметі B және C санатындағы тағы 70 санитарлық автокөлік алады.

Қанат Есболатов, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары:

- Лизинг компаниялар арқылы 4,4 миллиард теңгеге келісім-шарт жасалып, 90 жедел жәрдем көліктері сатып алынды. Бұл көліктерді халыққа медициналық көмекті тез арада және сапалы жасау үшін алынып жатыр. Енді тозығы жеткен техникаларымыз бар, алды 10 жылдан асып кеткен, сол үшін қазір жаңартылып, жаңа техникалар облыс бойынша барлық аудандарға қамтылып, беріліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz