RU
Толық нұсқаға өту

Қостанайда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

26.12.2025, 15:03 205

Қостанайда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Сегіз корпустан тұратын бұрыңғы Президент резиденциясында, енді психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл жүйесі зақымданған балғындар ем-дом қабылдайтын болады.

Мұнда жылына кемінде 900 бала медициналық және әлеуметтік көмек алады. Ол үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Ғимараттар мүгедектігі бар жандардың ыңғайына сай жаңартылып, құрал-жабдықтар арнайы тапсырыспен  АҚШ, Еуропа елдерінен жеткізілген. Бұл мақсатқа «Қазақстан халқына» қоры 1 млрд 37 миллион теңге бөліпті. Ашылу салтанатына арнайы келген ата-аналар орталықтың жұмысымен танысып, ризашылықтарын білдіріп жатты.

Қарлығаш Тумерзина, Қостанай қаласының тұрғыны:

- Барлығы компютермен жабдықталған. Балаларға қызық. Бір жағынан ойын түрінде, бір жағынан жаттығу болады. Мұндайды көрмегенбіз әлі. Көрдік, келдік, бәрі ұнап жатыр. Осындай орталық ашылғанына қуаныштымыз.   

Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы:

- Бұл жерде бальнеологиялық тұсы бар. Мұнда иммерсиондық ванналар және түрлі интерактивті бөлмелер бар. Біздің ұшқыштар ұшып барып келіп, реаблитация өтетін құрылғылар. Біздің балалар космонавтардан кем емес. Оларда реаблитация мықты болу керек.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz