Павлодар облысындағы Успен ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды. Орманы мол өңірде өрттің алдын алу маңызды. Сондықтан да «Ауыл құтқарушысы» ведомстволық жобасымен облыстағы өрт сөндіру бекеттері жаңғыртылып жатыр.
Бірнеше елді мекенде жаңасы ашылды. Жобаны жүзеге асыруға жергілікті кәсіпкерлер де үлес қосып жатыр. Бекеттер арнайы техника және және заманауи құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Қарлығаш Қасиетова, тілші:
- Галицкое ауылында салтанатты жағдайда ашылған өрт сөндіру бекеті қазіргі заман талабына сай келетін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл өрт шыққан жағдайда орталықтан көмек күтпей-ақ тілсіз жауды кезінде ауыздықтауға мүмкіндік береді. Жалпы облыс бойынша дәл осындай бекеттердің саны сексенге жуықтады. Өртке қарсы күрес қызметіне еріктілер жасағы көмектеседі.
Ауылдарда ашылған өрт сөндіру бекетінің ғимаратын жергілікті кәсіпкерлер бөлген. Ал ауылдық әкімдік ерікті лерден құралған өрт сөндіру жасағын жинайды. Төтенше жағдайлар департаменті бекеттерді арнайы техникамен, оттан қорғайтын киім, өзге де қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Мамандар арнайы дайындықтан өткен.
Думан Қыдырмоллаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Мысалға бұл біздің өзіміздің мекемеден, Төтенше жағдайлар департаментінен осы ауыл құтқарушыларына беріліп отыр. Мұны қалай қолдануы үйретілген. Осы жерде болатын қызметкерлер осымен қолданатын болады. Яғни біздің орталықпен тікелей байланысқа шығатын болады.
«Ауыл құтқарушылары» жобасы аясында өрт сөндіру бекеті халық саны 2 мыңнан асатын елді мекендерде ашылып жатыр. Жасақ өрттің алдын алумен қатар, қажет болған жағдайда апаттық-құтқару жұмыстарына да тартылады. Бір жылдың ішінде олар 100-ден астам шақыртуға шыққан.
Сағынбай Төлеубаев, ауыл тұрғыны:
- Ауылда өрт шықпайтын жер болмайды қарақтарым, өрттен сақтасын деп қазақ атамыз тегін айтқан жоқ қой, өртте осындай жағдай керек. Соны былай көбейтіп, ел-елдерге осындай салса онда жақсы болар еді әрине.
Негізі мемлекеттік өрт сөндіру бекеттері аудандардың орталығында орналасқан. Ал «Ауыл құтқарушылары» жобасымен ашылғаны елді мекендерде жұмыс істеп тұр. Енді өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетеді. Нәтижесінде уақытты үнемдейді, төтенше жағдайдың салдары азаяды.
Рүстамбек Амрин, облыстық ТЖД бастығы:
- Бір жыл ішінде төрт өрт сөндіру пункті ашылып, бір пункт толық жаңғыртудан өтті. Сондай-ақ 20 пункттегі өрт сөндіру техникасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұрын тәулік бойы жұмыс істейтін 27 бекет болса, қазір олардың саны 50-ге жетті. Бұл жыл бойы кезекшілік атқаратын бекеттер.
Облыста 2025 жылы 534 өрт болған. Ауыл құтқарушылары 421 рет шұғыл шақыртуға шыққан. Соның ішінде 93 өртті өз күшімен сөндірген.
Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Марат Игіліков
Тегтер #Павлодар облысы #өрт сөндіру бекеті #орманPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz