RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандыда ата-аналар әскери бөлімді аралады

26.12.2025, 22:54 248

Қарағандыда сарбаздардың ата-анасы әскери бөлімге барып, баласының жағдайын көрді. 31 775 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті. 

Қонақтар казармаларды аралап, жас сарбаздардың оқу-жаттығуына қатысты. Сонан соң, балаларымен бірге асханада түскі ас ішіп, мәзірді көрді. Бұл әскери бөлімшеде 500-ден астам бозбала борышын өтеп жүр. Ашық есік күні жылына бірнеше рет ұйымдастырылады. Осылайша ата-аналар сарбаздардың тұрмысымен, күн тәртібімен танысып, жағдайын біледі.

Назгүл Медетова, сарбаздың анасы:

- Мен қуанышытымын баламның осындай әскерге алынып отан алдындағы борышын өтеп жатқанына. Әскери бөлім қызметшілеріне алғыс айтамын. Балаларымызды рухы биік, азамат етіп тәрбиелеп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz