RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде пиротехниканы заңсыз сатқандар анықталды

27.12.2025, 11:00 318

Шығыс Қазақстанда саудаға заңсыз шығарылған 60 қораптан астам пиротехника тәркіленді.

Полиция  мен Төтенше жағдайлар департаментінің бірлескен рейді кезінде бірқатар заң бұзушылық әшкереленді. Облыс орталығында жасанды петардалар ашықтан-ашық сатылған. Кәсіпкерлерге қатысты 8 әкімшілік іс қозғалды. Небәрі 4 кәсіпорында арнайы сертификат болған. Қалғандары қауіпті затты заңсыз саудаға шығарған. Дүкендер мен базарларды тексеру қаңтар айының аяғына дейін жалғасады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы жаңа жылдық мереке кезінде пиротехникадан 63 қазақстандық зардап шексе, оның 20-сы балалар.

Медет Мұқашев, облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары:

- Желтоқсан айының екінші декадасынан бастап мобильді топтар 200-ден астам рейд өткізді. Жұртшылыққа айтарым, пиротехниканы тек арнайы дүкендерден сатып алыңыздар, сертификатын, сақталу мерзімін тексеріп, нұсқаулықпен мұқият танысыңыздар. Қаптамасы бүлінбеген болу керек.  Жарылғыш затты қолданғанда барынша абай болыңыздар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz