Жамбыл облысының Байзақ ауданында көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар жандар және жетім қалған балалар үшін үй салынып жатыр.
Келер жылы Сарыкемер ауылында 236 пәтер қолданысқа берілмек. Қазір баспаналардың ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Парламент Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков елді мекендегі құрылыс барысымен танысты. Аудан бойынша үш мыңнан аса адам үй кезегінде тұр. Сенатор сондай-ақ құрылысы биыл аяқталған, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Ғимаратты тұрғызуға 290 миллион теңге жұмсалды. Байзақ ауданында тұрғындардың 42 проценті бұқаралық спортпен қамтылған. Осы мақсатта 209 спорт нысаны жұмыс істейді. Бекболат Орынбеков аудандық мәслихат депутаттарымен және мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, жаңа Салық және Бюджет кодекстерге енгізілген өзгерістерге кеңінен тоқталды.
БекболатОорынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Жаңа Салық кодекске байданысты 16 пайыз қосымша құн салығы белгіленді. Оның ішінде бүгінгі таңда қосымша құн салығы төлемші ретінде негізгі 10 павыздық АЕК болып отыр. Бұл енді шамамен 43-44 млн тг құрайды. Өкінішке қарай 27 трлн қаржы 2026 жылға бюджетіміз бекітілді. Соның ішінде шығыс пен кірістің есептеген кезде 4,5 трлн ақша жетпейді. Осы атқарылған жұмыстар біз ойлаймыз өзінің нәтижесін жетпейтін қаржыларды жылда ұлттық қордан ақша алмай осындай тұрақты саясатпен жұмыс істейміз деп есептеймін.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #сарыкемер #құрылыс #Жамбыл облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz