RU
Толық нұсқаға өту

Астанада ғимараттан шыққан өрт сөндірілді

28.12.2025, 13:07 276

Астанада Сарыарқа ауданы Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан үш қабатты ғимараттан шыққан өрт сөндірілді. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті.

Өртті ауыздықтауға бас-аяғы 100 қызметкер мен 24 бірлік техника жұмылдырылып, арнайы штаб құрылды. Зардап шеккендер жоқ. 

Дәурен Манапов, Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары:

- Өрт 11:24-те оқшауланды. 12:05-те толық жойылды. Астана қаласы ТЖД 100 адам жеке құрам, 24 бірлік техника қатысты. Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz