Елде суық қаруды заңсыз алып жүру бойынша қылмыстық оқиғалардың саны азайып келеді.
Былтыр әуежай мен вокзалдарда тыйым салынған заттарды тасымалдағаны үшін 100-ден аса адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал биыл тек 40-қа тарта адам істі болды. Бұл елдің Бас көлік прокуратурасы, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Көліктегі полиция департаментінің халықаралық маркетплейстермен меморандумға қол қоюның нәтижесі, - дейді мамандар. Енді танымал сауда алаңдары тыйым салынған тауарлардың заңсыз жарнамасы мен сатылымын анықтап, бұғаттау бойынша шараларды үдете түспек.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Заң мен тәртіп #суық қаруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz