RU
Толық нұсқаға өту

Астанада жас ғалымдар баспаналы болды

30.12.2025, 17:20 272

Астанада жас ғалымдар баспаналы болды. Бүгін Ғылым және жоғары білім министрі 10 жас ғылыми қызметкерге мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша пәтер сертификаттарын табыстады.

Сондай-ақ министр әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі Медеу Әбішевті Президент Жарлығына сәйкес «Құрмет» орденімен марапаттады. Айта кеткен жөн, былтыр 1 қаңтардан бастап ғылыми ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18%-ға артып, ғылыми тағылымдамаларға гранттар, мемлекеттік стипендиялар мен сыйлықақылар табысталып келеді. Ғалымдарды әлеуметтік қолдау мәселесіне ерекше мән беріліп, осы уақытқа дейін 600-ге жуық жас ғалым баспанамен қамтылған. Оның жүзден астамына баспана кілті биыл берілген.

Бауыржан Ысқақов, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ғалымы:

- Астанаға келгеніме 10 жыл болды. Осы 10 жыл бойы ғылым саласында, білім саласында жұмыс істеп келемін. Мемлекет басшысының қолдауымен ғылымға көп қаражат бөлініп отыр. Соның көмегінің арқасында жұмыс істеп жатырмыз. Сол жұмыстың жемісі осындай сыйлық көріп отырмыз.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- «Келешек» бағдарламасына ерекше мән бергім келеді. Біздің ата-аналарымызға балалары туғаннан бастап бірден шот ашып берді, бір жылдың ішінде 64 мыңнан астам шоттар ашылды. Жинақтап бастаңыздар. Мемлекет көмектеседі. «Ұлттық қор балаларға». Әр бала туысынан енді арнайы шот ашылады. Ұлттық қордан түскен табыс, кіріс әр баланың счетына жинақталады. 1 млрд долларға жуық қазір ақша шоттарға жіберілді.

Сондай-ақ төрт жыл ішінде жоғары оқу орындардағы жатақхана тапшылығы 82 мың төсек орыннан 6 мың 800-ге дейін түскен. Басым көпшілігі Петропавл, Астана және Алматы қалаларында бой көтерген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz