Жаңбырдан соң болған көк мұздан көліктер соқтығысып, тайып жығылған жұрт көп. Бүгін елордада травматология пункттеріне 265 адам түскен.
Оның 185-і көшеде құлап, мертіккен. Астана көшелерінде 3 жолаушы автобусы соқтысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді. Сондай-ақ, қалааралық кей бағыттар бойынша қатынас тоқтады. Жауаптылар қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануға шақырады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Астана #көктайғақ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz