RU
Толық нұсқаға өту

Ақмолада «Ауыл құтқарушылары» аясында 40 өрт сөндіру бекеті ашылды

01.01.2026, 13:13 778

Ақмола облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 40 өрт сөндіру бекеті ашылды.

Ерікті өрт сөндіру құрылымдары қалаға шалғай орналасқан елді мекендерде іске қосылды. Ал Макинск қаласында жаңа өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді. Бұдан бөлек аймақтағы ескірген нысандар да күрделі жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енді.

Красный Яр ауылындағы мына өрт сөндіру бөлімінің іргетасы 1986 жылы қаланған. Ескі ғимарат осы уақытқа мүлдем жөндеу көрмеген. Қазір ғимарат толығымен жаңартылып, жаңа техникамен толықты. Бұған жергілікті тұрғындар да қуанып отыр. 

Төкен Ілияс, Красный Яр ауылының тұрғыны: 

- Бұрын енді үйден кішкентай ғана өрт шықса ту Көкшетаудан шақыртатын едік. Одан келіп болғанша жанатыны жанып болушы еді. Қазір енді ауылдың өзіне салды. Өрт сөндіру орындарын ұлғайту, оны жақсарту халықтың амандығы үшін деп ойлаймын. 

Нысанды кеңейтіп, қалыпқа келтіру жұмыстары жеке инвестиция есебінен жүзеге асқан. Қазір мұнда 20-дан астам адам жұмыс істейді. Олар Красный Яр елді мекенінен бөлек маңайдағы 50-ге жуық ауылдағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 

Нұрсұлтан Тұрсынбаев, өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі:

- Қазір ремонт жасалғаннан кейін бізге қазір ыңғайлы болды. Көп өзгерістер болды. Бұрындары печное отопление болған. Өзіміз қолмен жағатынбыз. Бокс гаражы кішкентай болған. Ыңғайсыз болды. Қазір боксымыз ұзарып, ішінде емін-еркін қозғаламыз. Жаңа екі көлік берді.

Красный Яр ауылы облыс орталығының дәл іргесінде орналасқан. Жыл санап мұндағы халық саны өсіп келеді. Соңғы бір жылдың өзінде мыңға жуық адам көшіп келді, дейді жауаптылар. Сондықтан тұрғындар алдағы уақытта өрт сөндіру бөлімін тағы да кеңейту керектігін айтады. 

Сансызбай Абуов, Красный Яр ауылының тұрғыны:

- Қазір көп аудандар да халық бізден аз. Аудан орталықтары. Анау Егіндікөл аудандарында 8 мың, кей ауданда 5 мың бар. Ал, бізде 14 мың адам бар. Кейде жетпей қалатын да болады. Тағы бір машина қосса, кішкене кеңейтсе деген ойға келіп отырмыз. 

Қазір қалаға шалғай орналасқан ауыл тұрғындары да өрт болса ауданнан сағаттап өрт сөндірушілерді күтпейді. Өйткені өңірдегі 40 ауылда өрт сөндіру құрылымы жұмыс істейді. Еріктілер бір жылда 100-ден астам тілсіз жауды тоқтатуға атсалысып, соның 11-ін өз күштерімен сөндірген. 

Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz