RU
Толық нұсқаға өту

Еліміздің туристік тартымдылығы артты

03.01.2026, 18:00 358

Bloomberg басылымы жаңа рейтинг жариялады. Онда Алматы қаласы 2026 жылы баруға тұрарлық әлемдегі 25 үздік қаланың қатарына енді.

Мұндай нәтижеге мегаполистің мәдениеті, бай тарихы мен гастрономиясы және әсем табиғаты түрткі болған. Басылым Алматыдағы демалыстың әралуандылығына ерекше назар аударады. Әсіресе Шымбұлақтағы демалыс саяхатшылар үшін тартымды болып тұр. Мамандар бұл маңызды халықаралық мойындау екенін айтады. Өйткені ол Қазақстанның жаһандық туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі. Жалпы соңғы жылдары еліміздің туристік әлеуеті жетекші әлемдік БАҚ беттерінде жиі айтылып жүр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz