RU
Толық нұсқаға өту

Елордада жоғалған балаларды ТЖМ құтқарушылары тапты

03.01.2026, 21:00 445

Бүгін Астана қаласының Есіл ауданында Майбалық көлінің маңында серуендеуге шығып, бағытынан адасқан екі баланы іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды «24KZ» ТЖМ баспасөзіне сілтеме жасап. 

«Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологиялық есептоп, ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ жол талғамайтын көлік жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен аумақ мұқият тексерілді. Іздестіру тобы балаларды Майбалық көлі маңындағы ашық алаңнан 2012 жылы туған екі баланы тауып, ата-анасына тапсырды. Балаларға медициналық көмек қажет болмады», - деп жазды ТЖМ баспасөзі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz