RU
Толық нұсқаға өту

Биыл 11 мың шақырымнан астам жол төселеді

04.01.2026, 13:29 346

Биыл елде 11 мың шақырымнан астам жол төселеді.

Бұл туралы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді. Айтуынша, ұзындығы 208 шақырымдық Қызылорда - Жезқазған күре жолындағы жұмыстар жалғасады. Сонымен қатар 896 шақырым болатын  «Орталық - Батыс» жобасы, 232 шақырым Ақтөбе – Ұлғайсын, 572 шақырымдық Қарағанды - Жезқазған бағыттарындағы жол жаңарады. Ірі елді мекендерді айналып өтетін жолдарды салу мен реконструкциялауға ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, Сарыағаш, Қызылорда, Петропавл және Рудный қалаларының айналма жолдары қолданысқа берілмек. Рахман қайнарларына апаратын жол, сондай-ақ Петропавл - Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы учаскесін қоса алғанда туристік және шекаралық бағыттарды дамыту жұмыстары жалғасады. Бүгінде автожол саласын цифрландыру мен технологиялық шешімдерді енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Қазір автокөлік жолдарында 71 автоматтандырылған өлшеу станциясы орнатылған. Биыл e-Joldar бірыңғай цифрлық жүйесі іске қосылады. 

Мақсат Қалиақпаров, ҚР Көлік вице-министрі:

- Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде өңірлер арасындағы көлік байланысын нығайтуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған автожол инфрақұрылымын жүйелі дамыту жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар  автомобиль өткізу пункттері бойынша жаңғырту жүріп жатыр. Ауқымды жұмыс басталды. 2026-2027 жылдар ішінде біз 33 өткізу пунктін толық жаңғыртуды жоспарлап отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz