Астанада әуе рейстері кестеден кешігіп жатыр.
Дәлірек айтқанда, осы сағаттарда халықаралық әуежайға қонуы тиіс 17 және ұшып шығатын 11 рейстің уақыты өзгерді. Оған әуе кемелерінің елордаға кешеуілдеп қонуы себеп болып отыр. Әуежай қызметі штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Айта кетейік, түннен бері жауған қар Астананы ақ ұлпаға орады. Бүгін еліміздің солтүстік, орталық және оңтүстік-шығысында да қалың қар жауады. Ал Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында қар аралас жаңбыр күтілуде. Оңтүстік аймақтарда күн жылы болады.
Тегтер #Астана #әуе рейсі #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz