RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысында 29 су қоймасы жөндеуден өтті

04.01.2026, 19:06 287

Былтыр Түркістан облысында 29 су қоймасы мен 71 каналға күрделі жөндеу жасалды. Бұл жұмыстарға Ислам даму банкі 137 млрд теңгеден астам қаржы бөлген.

Өңірдегі су қоймалары мен каналдардың 60 пайызы ескірген. Оның үстіне, ағын су тапшылығы, шаруалардың адымын аштырмай отыр. Су шығынын азайту мен су тапшылығын жою үшін, қандай шаралар қолға алынған?

Еліміздегі суармалы жердің 4/1 бөлігі Түркістан облысында. Өңірде 554 мың гектар суармалы алқап бар. Облыс аумағында ұзындығы 12 мың шақырымнан асатын 4 180 канал, 1 256 қашыртқы, 42 су қоймасы орналасқан. Жартысынан көбі ескірген. Аталған су нысандарының 60 пайызы «Қазсушар» мекемесінің балансында. Облыстық филиалы былтыр су шығынын азайту мақсатында 320 каналдың түбінін тазалаған. Десе де құрғақшылық салдарынан су тапшылығы жиі болады. Мамандар өзен-көлдер мен су қоймаларындағы су жеткіліксіз дейді.

Дінмұхаммед Әбдіхалық, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының бас маманы:

- Су шығынын азайту үшін 2025 жылы филал теңгеріміндегі каналдарда 750 шақырымнан астамы түгел дерлік механикалық тазалаудан өтті. Су қоймаларын суару маусымына дайындау, қажетті көлемді толтыру жұмыстары жүргізілуде. Барлық су қоймаларының толық көлемі 8 млрд 359 млн текше метр деп алсақ, бүгінгі таңда нақты жиналған су көлемі 3 млрд 312 млн текше метрді құрап, толу деңгейі 42% құрап отыр.

Облыстағы суармалы жердің 63 пайызы трансшекаралық каналдарға тәуелді. Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандары ағынсуды көрші Өзбекстаннан алады. Сондықтан мамандар осы үш ауданды су үнемдеу технологияларына көшіруді қолға алды. Одан бөлек, су тапшылығын азайту, бар суды тиімді пайдалану мақсатында биыл 30-ға жуық су қоймасы мен мың шақырымға жуық канал мен қашырқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізіледі. Ал жаңадан салынып жатқан «Бәйдібек ата», «Қарақуыс» су қоймалары биыл пайдалануға беріледі.

Нұрбол Мәмет Облыстық Ауылшаруашылығы Басқармасының Бөлім Басшысы:

- Су тапшылығын азайту мақсатында «Бәйдібек ата» су қоймасы, «Боралдай» су қоймасы жобасы әзірленуде. «Бәйдібек ата» су қоймасының жалпы су көлемі 68 млн текше метр болса, оның қазіргі таңда 70-80% жұмыстары аяқталды. 2026 жылы пайдалануға беріледі. Ол «Бөген» су қоймасына қосымша 68 млн текше метр су жеткізіліп, «Бөген су» қоймасы арқылы 67 мың гектар суармалы жеріміз бар, сол аумақты қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысы су тапшылығын болдырмау мақсатында ауылшаруашылығы саласына жаппай су үнемдеу технологияларын жедел енгізуді тапсырған болатын. Осыған байланысты өңірде су үнемдеу технологияларын шығаратын үш зауыт іске қосылды. Отырар ауданындағы кәсіпорын жылына 800 млн метр суару лентасын өндіріп, 50 мың гектар алқапты заманауи суару жүйесімен қамтамасыз етеді. Қала іргесіндегі өндірістік аймақта орналасқан зауыт жылына 14 мың гектар алқапты жаңбырлатып суару машиналарын шығарады. Ал «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қарасты өндіріс желісі...

Досхан Лесов, «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы:

- Жылына 9 мың гектарды қамтитын су үнемдеу технологиясын өндіретін мүмкіншілігі бар. Біз 2025 жылы параболалық бетон лоток шығаратын зауытты іске қостық. Бұның қуаттылығы тәулігіне 15, жылына бес дана шығаруға мүмкіндік болады. 5 мың дана дегеніміз 6 метрден болады біреуі, 30 шақырым болады. Өзімізден су алатын шаруаларға біз лотоктар мен су үнемдеу технологияларын енгізуді қолға алып, жұмыс істеп жатырмыз.

Мамандар су үнемдеу жүйелерін қолдану ағын суды екі есеге дейін үнемдеп, өнімділікті үш есеге дейін арттыруға мүмкіндік беретінін айтады. Оған былтыр Отырар ауданында 32 мың гектарға тамшылатып суару әдісімен егілген мақтадан гектарына 60 центнерден алынған өнім дәлел бола алады.  2025 жылы өңірде су үнемдеуге бағытталған инновациялық технологиялар енгізілген жер көлемі 114 мың гектарға жетті. Биыл қосымша тағы 50 мың гектар қамтылады деп күтілуде.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат әбіш

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz