Бүгін күндіз Батыс Қазақстан облысы ТЖД күштерімен күрделі метеорологиялық жағдай кезінде авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды 24KZ ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.
Казталов, Тасқала, Ақжайық және Теректі аудандарында қар құрсауында қалған учаскелерден 18 адам, оның ішінде үш бала құтқарылды. Құтқарылғандар арасында зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта облыс аумағында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 1 учаскесінде жүк автокөліктері мен автобустардың қозғалысына шектеу енгізіліп, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 3 учаскесі жабық.
ТЖМ ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Тегтер #БҚО #ТЖМ #құтқарушылар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz