RU
Толық нұсқаға өту

Президент: Жаңа Салық кодексінде бақылауға емес, өзара серіктестік орнатуға баса мән беріледі

05.01.2026, 11:05 372

«Салық реформасын» қабылдау арқылы салық жүйесін қайта құрдық. Басты міндет – экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету.

Мемлекет басшысы «Түркістан» газетіне берген сұхбатында осыны айшықтап берді. Талқылау барысында Үкімет қосымша құн салығын 20 пайызға дейін көтеруді ұсынған, алайда, Президент оның жоғарғы шегін 4 сатыға төмендетуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Салық кодексі» бақылауды емес, өзара серіктестік орнатуды көздейтінін айтты. Яғни осы үдеріске қатысушылардың бәрі – мемлекет те, бизнес те, азаматтар да өз міндетін адал орындауға тиіс» деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Салық төлесеңіз – қызмет көрсетіледі, инфрақұрылым салынады, қауіпсіз орта қалыптасады, тың мүмкіндіктер пайда болады. Керек десеңіз, бұл – әділдік болу үшін жүктемені қайта бөлу құралы, әлеуметтік тұр­ғыдан әлсіздерді қолдау және экономикалық тұрғыдан «белсенді ортаны» одан әрі дамыту тәсілі.    

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz