Былтыр «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі іске қосылғаны белгілі. Президент осы жобаның арқасында Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалы бес есе артатынын атап өтті.
«Теңізге тікелей шығатын жолы болмаса да, Қазақстан Еуразия құрлығының кіндік тұсында, яғни негізгі транзиттік күре жолдар тоғысқан жерде орналасқан. Бұл – үлкен артықшылық, біз оны ел игілігіне жарата білуге тиіспіз. Мақсат-мүддемізге сәйкес Қазақстанды Еуразияның көлік айлағы ретінде қалыптастыру – бұл салада атқарылатын жұмыстың басты бағыты», - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:
- Осы орайда жақында іске қосылған «Достық – Мойынты» жаңа теміржол магистралінің мән-маңызын атап өткім келеді. Бұл жоба осы жол арқылы Қытай мен Еуропа арасында тасымалданатын жүк көлемін бес есе арттыруға мүмкіндік береді. «Мойынты – Қызылжар», «Бақты – Аягөз», «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желілерін жаңадан іске қосу жоспарымызда тұр. Жалпы, 2030 жылға дейін 5 мың шақырым теміржолды салып, жаңғырту және 11 мың шақырым теміржолды жөндеу көзделіп отыр. Елорда мен батыс аймақтардың арасындағы қашықтықты 500-ден астам шақырымға қысқартатын «Орталық – Батыс» күре жолы құрылысының стратегиялық маңызы өте зор.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» тақырыбындағы сұхбатынан.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #теміржолPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz