RU
Толық нұсқаға өту

Елде алты спутник экспортқа шығарылады

06.01.2026, 13:04 284

Қазақстанда алты отандық спутник экспортқа шығарылады. Жасанды интеллект министрлігі спутниктерді өндіру бойынша отандық кешенмен тиісті жұмыстарды бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Алдағы жылдары жерді қашықтықтан зондтаудың нәтижесінде кемінде 5-6 спутнигі шығарылатын болады. «Оның ішінде құны 75 млн долларға экспорт жасау жоспарлануда, бұл Қазақстан тарихында тұңғыш ең ірі технологиялық экспорт болмақ», - деді вице-премьер Жаслан Мадиев.

IT-саласы елімізде қарқынды дамып келеді. Өткен жылы нарық кірісі 2 трлн теңгеге жетіп, IT-экспорт 1 миллиард АҚШ долларына жақындады. Astana Hub экожүйесі 2 мың қатысушыға жетіп, 30 мыңнан астам жұмыс орнын ашты, инвестициялар 900 миллион доллардан асты.

Алайда технологиялардың дамуы қырағылықты күшейтуді талап етеді. Өткен жылы киберқауіпсіздікті күшейту мақсатында бірқатар шаралар қабылданды. 1 миллионнан астам адам кибергигиенаға оқытылды.

Десе де Мемлекеттік органдардың тексеру нәтижелері бірқатар олқылықты көрсеткен. Министрдің айтуынша, мемлекеттік органдар мен ұйымдар ақпараттық қауіпсіздіктің заңнамалық талаптарын жиі бұзады.

Осыған байланысты орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігіне және азаматтардың дербес деректерінің сақталуына бақылауды күшейтуі қажет деді ведомство басшысы. Осылайша, Бірінші басшылардың жауапкершілігі енгізілді.

Азаматтардың дербес деректерін қорғауға қойылатын талаптар күшейтілді. Киберқауіпсіздікке қатысты комитет өкілін сөзге тарттық. Қазір сол сұхбаттан үзіндіні қосса.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz