2027 жылдың соңына дейін Қазақстан халқының 99 пайызы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары әрі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі мәлімдеді.
Жаслан Мәдиев алдағы екі жылда үш мыңнан астам ауыл интернетке талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы қосылатынын айтты. Бұл Президенттің азаматтардың цифрлық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде жүзеге асады. Сонымен қатар ауылдық жерлердегі үйлерге оптика желісін жеткізу бойынша «соңғы миль» жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба аясында 400 мыңға дейін үй шаруашылығына оптика құрылысы көзделіп отыр.
Тегтер #интернет #Үкімет отырысы #премьер министрPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz