Елде 5G базалық станциялары орнатылады. Осылайша, бесінші буын интернет желісімен қамтылған 20 қаладағы жылдамдық қарқыны одан сайын артпақ.
Байланыс аумағы 75 пайызға дейін ұлғаяды. «Бұл цифрлық трансформацияны дамытуға ықпал етеді», - деді Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев. Сондай-ақ республикалық және облыстық маңыздағы 40 мың шақырым жол мобильді байланыспен қамтылады. Жоба екі жылда жүзеге асырылады.
Тегтер #базалық станция #5G #интернетPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz