Тас жолдардың жабылуына байланысты қосымша электр пойыздары жолға шықты.
Жолаушылар Көкшетау, Бурабай, Макинка, Ақкөл станцияларынан Астанаға дейін №6830 және №7508-ші «Көкшетау – Астана» пойыздарымен қатынай алады. Бұдан бөлек стандартты пойыздарға тағы қосымша 17 вагон тіркелді. Бұл шара өңірлер арасындағы үздіксіз қатынасты қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылды. Бүгін боранға байланысты Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы 4 өңірлік, 11 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтады. Тас жолдарда 900-ден астам техника қар күреп жүр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #тас жол #электр пойыздар #жолаушыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz