Атырау облысында жоғалған ерлі-зайыптының денесі табылды. 1959 жылы туған ер адам мен 1961 жылғы әйелдің денесі ауладағы сарайға көмілген.
Қаскөйлер ерлі-зайыптыны өлтіріп, ізін жасыру үшін үстіне үй жиһазы қойып кеткен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталып, оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.
Нұрхат Оразбаев, облыстық ПД бастығы:
- Қызылқоға ауданында Атырау облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды. Қазіргі уақытта тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты қазіргі таңда өзге ақпарат жария етілмейді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Атырау #жоғалған отбасы #мәйіттер #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz