RU
Толық нұсқаға өту

Еліміздің 14 облысында ауа райы туралы ескерту жарияланды

07.01.2026, 07:05 516

7 қаңтар күні Ақмола облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында аздаған қар жауып, боран соғады.

Жолдарда көктайғақ болады. Батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, түнде облыстың шығысында 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. 

Астанада 7 қаңтар күні аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Жолдарда көктайғақ сақталады. 

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с, түнде екпіні 23–28 м/с-қа жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с. 

Түркістан облысының батысы мен оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Таулы асуларда солтүстік-шығыстан соғатын жел 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. 

Атырау облысының батысы, оңтүстігі және шығысында тұман мен көктайғақ болжанады. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. 

Ақтөбе облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15–20 м/с. 

Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. 

Абай облысының батысы, солтүстігі және орталығында қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады, шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Желдің екпіні түнде 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 

Шығыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында қар мен боран болжанады, кей жерлерде қалың қар жауады, оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Желдің екпіні түнде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. 

Ұлытау облысының шығысында түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігі, шығысы және орталығында тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с. 

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде қар жауып, боран соғады. Батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман түседі. Жел кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді. 

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болжанады.

Қазгидромет

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz